2019-2020 оқу жылында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да бірқатар жаңа кабинеттер, зертханалар, орталықтар ашылады.
Оқу орнында «Erasmus+» бағдарламасы аясында STEM-зертхана құрылмақ.
Сондай-ақ, оқу жылында электронды ресурстар әзірлеу бойынша зертхана, академик Ережеп Мәмбетқазиев атындағы химиялық талдау кабинеті ашылады, №1 оқу ғимаратында «Казминералс» компаниясының демеушілігімен химия кабинеттері жасалуда.
Бірқатар мамандықтарды заманауи құралдармен қамту көзделіп отыр. Айталық, физика, компьютерлік мехатроника, қайта өңдеу технологиясы бойынша оқу-зертханалық базалар жаңартуды қажет етеді.
Мұнымен қоса, студенттер мен қызметкерлер үшін «STUDENT» фитнес-орталығы ашылмақ.
Баспасөз қызметі