Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жаңа жыл қарсаңында ШҚМУ қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды

Жаңа жыл қарсаңында ректор мен СД және ҒЖ жөніндегі проректор дәстүрге сай үздік оқытушылар мен қызметкерлерге Алғыс хаттар мен грамоталар табыстады.

Сонымен, аталымлар былай бөлінді – «Ең креативті» – маркетиг, мансап және жұмыспен қамту орталығы басшысының міндетін атқарушы Б.Ж.Болатовна, «Ең белсенді» – экономика және құқық факультеті деканының орынбасары А.С. Асубаева, «Ең стреске төзімді» – академиялық саясат департаментінің директоры И.С. Стеблецова, «Ең харизмалы» – шет тілі кафедрасының аға оқытушысы Г.О. Хан, «Ең жауапты орындаушы» – ЖОО-дан кейінгі білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.А. Абылайханова, «Ең жомарт» – ЖҒжТФ деканы М.Н. Мадияров, «Ең батыл» – шаруашылық департаментінің директоры Е.З. Балапанов, «Ең мобильді» – «Берел» баспаханасының директоры С.А. Ісләмова, «Ең елгезек» – Қазақстан тарихы каедрасының оқытушысы Ж.А. Қалимолдина, «Ең позитивті» – тіркеу кеңсесінің басшысы М.О. Мұстафина, «Ең шығармашыл» – «Altai jаstarу» медиаорталығының басшысы О.Ю. Сизова, «Ең мақсатшыл» – жоспарлау-экономикалық бөлімнің басшысы К.Б. Қорықбасова, «Ең табанды» – математика кафедрасының оқытушысы Э.М. Мағзұмова, «Ең жан-жақты» – педагогика кафедрасының профессоры Н.А. Завалко, «Ең жұмбақ» – физика кафедрасының оқытушысы Г.С. Смолина.

Бұдан бөлек, «Үздік» атағы мен сертификаттар қоса берілді. Атап айтсақ, «Жылдың үздік факультеті» Тарих, филология және халықаралық қатынас факудьтетіне, «Жылдың үздік оқытушысы» Г.С.Бектасоваға, «Жылдың үздік әдіскері» Б.С. Тантыбаеваға, «жылдың үздік жас оқытушысы» Е.Б.Домалатовқа, «Жылдың үздік зерттеушісі» Б.К. Рахәділовке бұйырды.

«Нұр Отан» партиясының грамотасы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, проректор Мұхтар Төлегенге, алғыс хаттары проректор И.В. Ровняковаға, шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Г.К. Қапышеваға, «Берел» баспасының директоры С.А. Ісләмоваға, кітапхана директоры П.К. Нұралиеваға, кітапхананың сектор меңгерушісі Г.Ш. Шайкенге, ресурстық орталық директоры Б.Б. Келгембаеваға берілді.

Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың алғыс хаттарын «Алтайтану» ҒЗО директоры А.Н. Алексеенко және Ж.А. Қалимолдина, Әділет департаментінің алғыс хатын ДШжС кафедрасының меңгерушісі Р.Б. Сармулдинов алды. 

БҒМ алғыс хаттарын химия кафедрасының доценті Б.С. Тантыбаева мен қаржы кафедрасының доценті К.Ж. Шолпанбаева иеленді.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo