Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті – алғыс айту мерекесін атап өтті

01.03.2018 ж. жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде алғыс айту мерекесіне орай факультет басшылығы, аға буын және алдыңғы қатарлы оқытушылардың жетім-студенттермен кездесуі өтті.

Аталмыш мереке Қазақстан Республикасы президентінің 2016 жылғы 14 қаңтар күнгі №173 жарлығымен бекітілген. 2015 жылдың сәуір айында өткен Қазақстан халықтар ассамблеясының 22-ші сессиясында   Нұрсұлтан Назарбаев елімізде алғыс айту күнін атап өтуді ұсынған. «Бұл күн барлық қазақстандықтандың бір-біріне деген мейірімділік, достық пен сүйіспеншіліктің жарқын мерекесі болады», - деп елбасымыз айтып өтті.

Математика кафедрасының профессоры, ф.-м.ғ.к Апышев О.Д., доценттер: Бектасова Г.С., Жантасова Ж.З., Дакиева К.Ж., Игисинова Ж.Т. және факультет деканы Д.Ерболатұлы жастарды мерекемен құттықтап, ақыл-кеңестерін айтты. Оразбек Демесінұлы және Гүлсім Сафуановна қазақ халқы жанашырлықпен қарап, қолдау көрсеткен қоныс аударушылардың тарихы туралы баяндады.  

Аға ұрпақ Қазақстан ұлттарының бірлігін сақтау маңыздылығының жоғары екендігін айтып, студенттерді шыдамдылыққа және мейірімділікке шақырды.

Іс-шара соңында №7 оқу ғимаратында студенттерге Қазақстан халықтарының ұлттық тағамдары ұсынылған мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ

Қазақ
× You found a Typo