Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде онлайн пікірталас өтті

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің 1-4 курс студенттері арасында «Ел болашағы жастар» танымдық-тәрбиелік шарасы шеңберінде онлайн пікірталас өтті.

Оны «Кәсіптік оқыту» мамандығының 2 курс магистранттары және олардың эдвайзерлері  К.Т. Иманжанова мен А.Б. Сәтімбекова ұйымдастырды.

Шара мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу және дәріптеу.

Пікірталас британдық палаталық форматта «Қазақ жастары шетел мәдениетіне жұтылып бара жатыр ма?» тақырыбында өтті. Тақырыпты жақтаушы тарапынан А. Әдебиет пен С. Жұмаділлә өз пікірлерін ұсынса,  Э. Идоят пен А. Қорғаубек тақырыпты оппозиция тарапынан   ұсынды. Сарапшы, математика мамандығының 3 курс студенті А. Құрманбектің шешімі бойынша екі тарап тең нәтиже көрсетті. Пікірталас соңында тақырыпқа сәйкес көрермен, бақылаушылар арасында қазіргі жастар мәдениеті талқыланды.

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo