Биология кафедрасының студентері мен магистранттары үшін Томск мемлекеттік университетінің (Ресей), биология ғылымдарының докторы, профессор Бабенко Андрей Сергеевич академиялық ұтқырлық бағдарламасымен екі апталық дәрістер өткізуде.
Қазанның 3-ші жұлдызында факультет студенттері, магистранттары және оқытушылар құрамына «Топырақтағы омыртқасыздар - территория жағдайының индикаторы» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Профессор А.С.Бабенко аудиторияны өзінің қызықты мәліметтерімен тыңдаушылардың ынтасын арттырып, шынайы қызығушылығын тудырды.
Университет басшылығы қолдауымен шақырылған ғалымның тарапынан жүргізіп отырған ғалымдардың дәрістері әлемдік проблемаларды, студенттерге басқа қырынан қарауға мүмкіндік берді. Осы сала бойынша әлемдік деңгейдегі орны бар ғалымнан дәріске қатысқан қатысушылар, өздерінің қызығушылық тудырған сұрақтарына толық жауап алды. Өз кезегінде жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің оқытушылары мен студенттері профессор А.С.Бабенкоға алғыс білдіріп, ғылыми салада ынтымақтастықты дамытуға ниетті.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті