- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде бағыт бағдар беру жұмыстары бойынша студенттермен кездесуде болды.
Аталған колледждің бірінші курс студенттеріне «Студенттер қатарына қосу» кеш «Металургтар мәдениет үйінде» ұйымдастырылған.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Темірбеков Нұрлыхан Мұқанұлы университеттің мамандықтары туралы ақпараттар беріп, колледж түлектерін жоғарғы оқу орнымызға шақырды.
Сөз соңында топ старосталарына сыйлықтар таратылып, факультеттің студенттері өз өнерлерін паш етті.
ЖҒжТФ деканаты