Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің Жастар ісі жөніндегі комитеті онлайн-квест өткізді

20 қазан күні С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Жастар ісі жөніндегі комитеті Абайдың 175 жылдығы мен Еріктілер жылына орай факультет студенттері арасында онлайн-квест ойынын өткізді.

Ойынға 7 команда қатысты. Квест 6 кезеңнен тұрды, әр турда әлеуметтік желілер арқылы тарихи, логикалық және басқа да қызықты сұрақтар жасырылды.

Өздерінің жылдамдығы мен тапқырлығының арқасында 1 орынды «Қайта өңдеу технологиясы» тобы (Асылзат Сатемір, Жанеля Мұхтарова), 2 орынды «Ақпараттық технологиялар» тобы (Таңсұлу Өзен, Берiк Фазылғаламов), 3 орынды «Математика» тобы (Әдемі Ерғалиева, Фаризат Мықтыбай) иеленді.

Жүлделі орын алған командаларға тиісінше 5 мың, 3 мың және 2 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды, өзге қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті

Қазақ
× You found a Typo