Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады!

2020 жылдың 19 ақпанында ұзаққа созылған науқастан 64 жасқа қараған шағында Шығыс Қазақстан облысының танымал қоғам қайраткері, Өскемен қаласының құрметті азаматы, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ түлегі Майраш Шайзадақызы Екібасова дүниеден озды.

Майраш Шайзадақызы 1957 жылы 6 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма ауданының Братск ауылында туған. Өскемен педагогикалық институтын (қазіргі ШҚМУ) «математика мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдады, кейін «саясаттанушы» мамандығы бойынша Алматы саясаттану және басқару институтын және Халықаралық бизнес университетін аяқтап, магистр ғылыми дәрежесін алды.

Белсенді, қайратты жан, өз ісінің шебері Майраш Шайзадақызы қай салада болмасын бар күш-жігерін сала еңбек ететін! Самар ауданында математика мұғалімі, комсомол, партия қызметкері, №27 кәсіби-техникалық мектепте оқытушы, кейін Өскемендегі №8 кәсіби-техникалық мектеп директорының орынбасары, Өскемен қаласы әкімдігі «Істер басқармасы» КМҚК №9 филиалының директоры, «Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды. Төртінші, бесінші, алтыншы шақырылған Өскемен қалалық мәслихатына депутат болып сайланды.

Отан алдында атқарған адал еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен және өзге де құрметті наградалармен марапатталды. Майраш Шайзадақызы «Шығыс Қазақстанның көшбасшы-әйелдері» байқауының жеңімпазы атанған.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ұжымына Майраш Шайзада Екібасова жиі қонақ болып тұратын, тәжірибелі партиялық қызметкер және қоғам қайраткері ретінде ол жастарға білгенін үйретіп, әріптестеріне кеңес беретін, Өскемен пединститутындағы студенттік өмірі туралы әркез сағына әңгімелейтін. Көмек сұрап келген жандардың бәріне де қол ұшын беретін. Себебі ол нағыз Адам және Азамат болған еді. Майраш Шайзадақызы өскелең ұрпаққа Отанды сүюдің жарқын үлгі-өнегесін танытып кетті!

«Менің бос уақытым мүлдем дерлік жоқ» – деп жиі айтатын Майраш Шайзадақызы жастарға. Ол әрдайым көп еңбек етіп, игі істерді жасауға асығып жүретін. Студенттердің «Қалайша Сіз бәріне үлгеріп жүресіз?» деген сауалына Майраш Шайзадақызы «Мен мамандық таңдарда Лермонтовтың «Математиканы оқу керек, ол ақыл-ойды, сананы тәртіпке келтіреді» деген сөздерін ескердім. Расында да, ақыл-ойың реттелсе, әр сәтінді де ретімен, тиімді пайдалануды үйренеді екенсін...» дейтін қалжыңдап.

Майраш Шайзадақызының өмірдегі ең басты ұстаздары және жанашырлары әлбетте оның ата-анасы болатын, сонымен қатар ол кісі кітаптарды өте көп оқитын.

Бұл қаза барлығына да ауыр тиіп отыр.... Майраш Шайзадақызы Екібасова – белсенді азаматтық ұстанымы бар тұғырлы ТҰЛҒА, жас ұрпақты өзінің өмірлік өнегесімен тәрбиелеп, халқымыздың тұрмысын жақсартуға талпынған, адал, абыройлы жан.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ұжымы марқұмның туған-туыстарына, жақындарына қайғыра көңіл айтады. Майраш Шайзадақызының жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталмақ!

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген

Қазақ
× You found a Typo