С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жас кәсіпкер Мақсат Аманжолов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Білім мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызметінің негіздері» жобасы аясында студенттерге дәріс оқыды.
Мақсат Бақытжанұлы – Max’s Hot Doggers тез тамақтандыру дәмханасының иесі. Ол өзінің кәсіпті қалай ашқанын айтып, табыс құпиясымен бөлісті.
– Кез келген істі бастамас бұрын ол туралы толық біліп алу керек. Ақпарат жеткілікті болғанда барып алға мақсат-міндеттер қою қажет. Ең бастысы – өзіңе деген сенімділік! Мен де қарапайым студент болғам, түрлі салада, түрлі қызметтер атқарғанмын, – деді ол.
Студенттер мұқият тыңдап, кәсіпкерге бизнес ашуға қатысты өз сауалдарын қойды.
Дәріс өте қызықты әрі пайдалы болды. Студенттер өз бизнес жоспарларын іске асыруға қажет кеңестер алды.
Баспасөз қызметі