Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Жас талап-2016» байқауының үздіктері анықталды

27 желтоқсанда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Жас талап» ғылыми жобалар байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты университтеттің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамыту, студенттер мен жас ғалымдардың ең үздік жобаларын анықтау және қолдау.
Осы байқау нәтижесінде жаңашылдығымен және өзектілігімен ерекшеленген, республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына септігін тигізетін, тәжірибелік маңызы бар, үздік ғылыми және инновациялық жобалар анықталды.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
- «Техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жоба»;
- «Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жоба».
Шығарылатын шешімнің барынша объективті, шынайы болуы үшін Өскемен қ.әкімдігінің Жастар ресурстық орталығынан, «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығынан, Өскемен қ. әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығынан арнайы шақырылған тәуелсіз сарапшылар қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша:
«Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жоба» аталымында жүлделі орындар нәтижесі:
І орын – Дәнияр Ж., Сабаз Т., 5В010500-«Дефектология» мамандығының 3 курс студенттері. Жоба атауы – «Дебат болашақ педагогтың біліктілігін (құзіреттілігін) арттырушы фактор ретінде».
ІІ орын – Кешубаева Ә., «Философия» мамандығының 1-оқу жылының магистранты, Жоба атауы – «Дидахмет Әшімханұлының журналистік қызметі және публицистикасы».
ІІІ орын - Олькова А.«Дефектология» мамандығының 1-оқу жылының магистранты. Жоба атауы – «Акмеологический подход как фактор развития компетентности педагога в специальных учебных заведениях».
«Техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жоба» аталымында жүлделі орындар келесідей бөлінді:
ІІ орын – Шәмші Г.және Шайман Ұлжалғас., «Ауыл дәмі» атты механикалы сауда автоматын зерттеп, жасау.
ІІ орын – Байжан Д., «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының 3 курс студенті. Жоба атауы – «36НХТЮ қорытпаны азоттың иондарымен атқылау арқылы беттік қасиеттерін жетілдіру».
ІІІ орын – Жақсылықова А., Мәденқызы Л., «Математика» мамандығының 3 курс студенттері. Жоба атауы – «Қарапайым алгебралық теңдеулер үшін асимптоталық қатарды тұрғызу».
Байқау нәтижесінде І орын иеленгендерге 50 000 тг, ІІ орын үшін 25 000 тг, ал ІІІ орынды иеленген жас ғалымдарға 15 000 тг көлемінде ақшалай сыйақылар және жеңiмпаз дипломдары табысталды.
Инновациялық зерттеу жұмыстары 2016-2017 оқу жылының ІІ семестрінен бастап университет тарапынан Start Up жобалар ретінде қаржыландырылатын болады.
Қатысушылардың үздік жұмыстары студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауына ұсынылды және жас ғалымдардың үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2016 жылғы базасына енгізілді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

Қазақ
× You found a Typo