Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Жас талап - 2017» байқауының үздіктері анықталды

 8-11 желтоқсанда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Жас талап» ғылыми жобалар байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты университтеттің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамыту, студенттер мен жас ғалымдардың ең үздік жобаларын анықтау және қолдау.

Осы байқау нәтижесінде  жаңашылдығымен және өзектілігімен ерекшеленген, республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына септігін тигізетін, тәжірибелік маңызы бар, үздік ғылыми және инновациялық жобалар анықталды.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

- «Техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жоба»;

- «Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жоба».

              Шығарылатын шешімнің барынша объективті, шынайы болуы үшін ЖШС «Өскемен зауытының технологиялық жабдықтары», «Өрлеу» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығынан, ЖШС «Машзауыт»-тан; ЖШС «Гелиос», «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорынан» АҚ-ң мобильді кәсіпкерлікті қолдау орталығының арнайы шақырылған тәуелсіз сарапшылар қатысты.

 Байқау қорытындысы бойынша:

«Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жоба» аталымында  жүлделі орындар нәтижесі:

І орын – Әбу Ж., Жүнісбек А., 5В010200-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттері. Жоба атауы – «Бастауыш мектеп – білім беру мазмұнын жаңғырту мәнмәтінде».

ІІ орын – Ахмадиева А., 6М010500-«Дефектология» мамандығының 2-оқу жылының магистранты, Қайдарова М.А. және Жұртпаева А.Ә. 6М011100-«Информатика» мамандығының 2-оқу жылының магистранттары. Жоба атауы – «Сөйлеу тілінде мүкістігі бар балаларға арналған логопедиялық тренажорлық құрал».

ІІ орын – Серикова Н.С., 5В012100-«Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті. Жоба атауы – «Қазақ жұмбақтарының тілдік сипаты».

ІІІ орын – Сутбаева А., 5В011900-«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті. Жоба атауы – «Межязыковые семантические эквиваленты в фразеологическом поле «цветообозначение» в английском, русском, китайском и казахском языках».

ІІІ орын – Мустафин М.Р., 6М050300-«Психология» мамандығының 1-оқу жылының магистранты. Жоба атауы – «Программа формирования конструктивных копинг-стратегий у осужденных».

ІІІ орын – Толымханова Г.А., 5В012100-«Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті. Жоба атауы – «Ұлттық код және Шығыс Қазақстанның әдеби-мәдени мұралары».

 «Техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жоба» аталымында жүлделі орындар келесідей бөлінді:

І орын – Казначаева А.М. 6М071000-«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының 1-оқу жылының магистранты және Шелепова С.Ю., Тружников В.Ю., 5В071000-«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының 3 курс студенттері. Жоба атауы – «Создание композитных материалов для использования в летательных аппаратах (Ni-Al Ni-Ti Ti-Al)».

ІІ орын – Буйткенов Д.Б., ҰҚҰҒЗ инженері. Жоба атауы –  «Разработка технологий получения и внедрения износостойких полиуретано-металлических деталей в производство горизонтальных промышленных насосов» атты механикалы сауда автоматын зерттеп, жасау.

ІІ орын – Рахимбек М.Қ., Қайкенова Т.А., 5В060200-«Информатика» мамандығының 1 курс студенттері. Жоба атауы – «Инженерлік робот».

ІІІ орын – Әбітай А.А., Айтқазин  А.Е., 5В070300-«Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенттері. Жоба атауы – «Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін веб-технологиялар негізінде жобалау».

Байқау нәтижесінде І орын иеленгендерге 25 000 тг, ІІ орын үшін 12 500 тг, ал ІІІ орынды иеленген жас ғалымдарға 5 000 тг көлемінде ақшалай сыйақылар және жеңiмпаз дипломдары табысталды. Инновациялық зерттеу жұмыстары 2017-2018 оқу жылының ІІ семестрінен бастап университет тарапынан Start Up жобалар ретінде қаржыландырылатын болады. Қатысушылардың үздік жұмыстары студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауына ұсынылды және жас ғалымдардың үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2018 жылғы базасына енгізілді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Қазақ
× You found a Typo