Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Жас талап-2018» байқауының үздіктері анықталды

10 желтоқсанда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Жас талап» ғылыми жобалар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – университтеттің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамыту, студенттер мен жас ғалымдардың ең үздік жобаларын анықтау және қолдау.

Осы байқау нәтижесінде жаңашылдығымен және өзектілігімен ерекшеленген, республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына септігін тигізетін, тәжірибелік маңызы бар, үздік ғылыми және инновациялық жобалар анықталды.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

- «Студенттер және магистранттар арасындағы үздік жоба»;

- «Ғалымдар арасындағы үздік жоба»;

- «Техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жоба»;

- «Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жоба».

Шығарылған балдың есептеу нәтижелері және байқау қорытындысы бойынша:

«Студенттер және магистранттар арасындағы үздік жоба» аталымында жүлделі орын нәтижесі:

І орын – Келманова Гүлназ Бисенқызы, материалтану және материалдар технологиясы мамандығының 3 курс студентті. Жоба атауы – «Ұлттық ертегілерге және мултьфильмдерге негізделген киім және ойыншық өндірісі «Balausa».

«Ғалымдар арасындағы үздік жоба» аталымында жүлделі орын нәтижесі:

І орын – Қантай Нұрғамит, техникалық физика мамандығының 1 курс PhD докторанты. Жоба атауы – «Жергілікті шикізаттан жоғары кернеулі оқшауланған керамиканы дамыту».

«Техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жоба» аталымында жүлделі орындар келесідей бөлінді:

І орын – Бүйткенов Дастан Болатұлы, физика мамандығының 1 курс PhD докторанты. Жоба атауы – «Машина жасаудың тозған бөліктерін нығайту және қалпына келтіру технологиясын жасау».

ІІ орын – Кеңесбеков Айдар Бақытбекұлы, техникалық физика мамандығының 1 курс PhD докторанты. Жоба атауы – «Құрал-саймандарды шынықтырудан кейін қайрауға арналған алаң».

«Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жоба» аталымында жүлделі орындар нәтижесі:

І орын – Боровикова Анастасия Сергеевна, психология мамандығының 4 курс студентті. Жоба атауы – «Белсенді тәрбиелеу бағдарламасында ата-аналардың қарым-қатынасының динамикасы».

І орын – Тарасова Вероника Михайловна, Лихонина Анастасия Александровна, дефектология мамандығының 3 курс студенттері. Жоба атауы – «Адамдардың алаңдаушылық-депрессиялық және стрестік жағдайларын түзету үшін Томатис психофизиологиялық құрылғысын қолдану мүмкіндігі»

Қатысушылардың үздік жұмыстары «NURINTECH» pеспубликалық жастар инновациялық жобалар байқауына ұсынылды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Технологияларды коммерцияландыру кеңсесі

 

Қазақ
× You found a Typo