С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Жас талап» ғылыми жобалар байқауы өтті.
«Студенттер және магистранттар арасындағы үздік жоба» аталымында І орынды «Техникалық өңдеу өндірісі» мамандығының 4 курс студенті Аружан Бейсебай иеленді. Жоба атауы – «Өндірісте дәстүрлі емес өсімдік материалдары негізінде нан дайындау технологиясын жетілдіру».
ІІ орынды туризм мамандығының 2 курс студенті Диас Құмалхан алды. Жоба атауы – «Turgid.Vko мобильді қосымшасы».
ІІІ орынды физика-информатика мамандығының 1 курс студенттері Шолпан Нұрланқызы, Ақиық Октябрь иеленді. Жоба атауы – «Экстремалды әсерге ұшыраған мыс өткізгіштер құрылымын зерттеу».
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Технологияларды коммерцияландыру кеңсесі