Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жас журналистер Рүстем Есдәулет атындағы театр фестивалінің ашылуын тамашалады

ШҚМУ журналистика мамандығының 1 курс студенттері облыстық драма театрында өткен мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, режиссер, актер, ақын Рүстем Есдәулет атындағы II республикалық театр фестивалінің ашылу салтанатын тамашалады.

13 қарашаға дейін жалғасатын іс-шара елорданың 20 жылдығына арналып, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімдігінің және драма театрының ұйымдастыруымен өтеді.

Фестивальде облыстардағы 20 театр арасынан іріктеліп алынған 9 театр өз өнерлерін көрсетеді.

Салтанатқа Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет және тұлғаның отбасы мүшелері қатысып, естеліктерімен бөлісті. Мәдениет басқармасының басшысы Азамат Мұхамедчинов фестивалді алдағы уақытта халқаралық деңгейде өткізуді жоспарлап отырғандарын айтты. Қазылар алқасының төрайымы, театр сыншысы, өнертану докторы  Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры Б.К. Нұрпейіс сөз сөйлеп,   қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қысқа ғана ғұмырында Жамбыл атындағы театрдың дамуы мен өсуіне аянбай еңбек еткен Р. Есдәулет туралы арнайы түсірілген «Бөрінама» фильмі көрсетілді. Студенттер фильмнен үлкен әсер алды. 

Рухани құндылықтарды тұла бойыңа сіңдіретін қасиетті орда студенттерді тағы келуге ұмтылдырды.

Исан Күмісжан,

журналистика мамандығының 1 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo