Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жастар Елбасы жолымен

Өзімізге белгілі, Елбасымыз тағы бір xалыққа үлкен пайдасы тиетін, тиімді, терең мағыналы ел болашағы үшін аса маңызды жолдауын ұсынған болатын.

Әрине жолдаумен толық танысып, жан-жақты саралау үстіндеміз. Жолдау әр сатыға бөлінеді. Соның ішінді 7-8 жолдауларға аса мән беріп, көңіл бөлдім. Бұл бөлімдер "Адами капитал-жаңғыру негізі", "Тиімді мемлекеттік басқару" деп аталады. Мысалы: бұл бөлімдерде әсіресе 7 бөлімде жастарға аса көңіл бөлінген. Яғни заман талабына сай оқу, жаһандық дамуға,бәсекелікке қабілетті болу.

2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тіпті ерте даму үшін мектепке дейінгі балаларға өз бетімен оқу машығы дайындалады делінген. Бұның өзі қандай тамаша! Иа баршамыздың ойына балаларға қиын болады деген ой тууы мүмкін. Алайда сонау мектепке дейінгі уақыттан мектеп бітіргенше балаларымыз 3 тілді меңгерген, заманауи теxнологияларды қолдана алатын, сонымен бәсекеге қабілетті ел азаматы болып шығады.

Сонымен қатар, бұл бөлімде бәріміздің бірінші байлығымыз денсаулық жайлы және екі қолға бір күрек болатын еңбек, сапалы жұмыс мәселесі қаралған. Халықтың өмір сүру қауіпсіздігі, ұзақ жасауы медициналық теxнологиялардың дамуына байланысты екендігі айтылады.

Еңбек мәселесінде адамдардың нәтижесі жұмысқа тарту мәселін алдыға қояды. Әр адам нәтижелі жұмыс істеуге тырысса шынымен әр ісіміз жемісті болатыны сөзсіз. Осылайша бір-бірімен аса байланысты және адам өміріне маңызды жаңғырудың басты негізі болатын "білім, денсаулық, еңбек" мәселеріне байланысты айшықты ойларды "Адами капитал-жаңғыру негізі" тақырыбына өте сай қарастырылғанын байқаймыз.

Ал, 8 тақырыпта  Елбасымыз "Тиімді мемлекеттік басқаруды" басшылыққа алады. Осыған орай, "бір терезе","бір өтініш" қағидаларын басшылыққа алынғаны, қызметтің сапасын арттыру жағдайы көрсетілген. Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына басты назар аударылған. Міне, мемлекетіміздің тиімді өзгерістерге, биік дәрежеге жетуіне берілген тақырыптар.

Елбасымыздың әр жолдауын, әр жолдаудағы әр бөлімі өз алдына бір бөлек. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеяларына айналуға тиіс дейді елбасымыз.

Біз оқу ордамызды бұл тақырыптарды саралап талдап қана қоймай, барша идеяларды қолдайтынымызды айтқымыз келеді. Сонымен қатар, сол идеяларды іске асыру барысында барынша үлес қосып, жолдаудағы ел дамуына арналған мәселеледі қатарласа іске асыруға дайынбыз дегім келеді.

Батырбай Әбілхайыр,  

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы

Қазақ
× You found a Typo