Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жастар ісі жөніндегі комитеттің жылдық қорытынды жиналысы өтті

Университетіміздегі белсенді ұйымдар мен клубтар, «Серпін» штабы және факультеттердің төрағалары мен төрайымдары Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Батырбай Әбілхайыр, тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімінің маманы Айтуғанова А.Н. жылдық есептерімен қорытынды жиналыс жасады. 

Жиналысты алғаш болып «Серпін» штабының сардары  Анас Бақдаулет  ашты. Сөз басын университетімізде Серпін бағдарламасымен білім алып жатқан студенттеріміздің білім сапасынан бастады.Академиялық ұтқырлықпен  ҚХР, Құлжа қаласы, Іле- педагогикалық университеті  мен Польша еліндегі Вроцлов университеттерінен білім алып келген студенттерімізді атап өтті.

Сонымен қатар,  Республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орын алған  жетістіктерін көрсетті.«Жаратылыстану ғылымдары мен технологиялар» факультетінің «Экология және география» кафедрасының  «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 2-курс студенттері  Азимханов Аслан, Сейітжан Дидар, Ибаділдаева Маржан және Панзабек Шаттық кафедраның аға оқытушысы және «Серпін» штабының жетекшісі Байжуманова Л.Т. жетекшілігімен  «Тіршілік қауіпсіздігі» және «Өрт қауіпсіздігі» пәндері бойынша олимиадаға қатысты.

Олимпиада нәтижесінде  2-курс студенті Азимханов Аслан 3-дәрежелі дипломның иегері болды.  Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен республикалық пәндік олимпиада да  біздің «Бастауышты  оқытудың  педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері жүлделі  2-орынға ие болды. Оқу ордамыздағы барлық ұйымдарға, өткізілетін іс-шараларға   «Серпін» жастарының белсенді ат салысатынын  айтты. Оған дәлел ретінде  «Аламан» фестивалін мысал етсек болады.  Және де «ШҚМУ Аруы - 2017» байқауының жеңімпазы, «Педагогика және психология» мамандығының 3-курс студенті  Қосбай Саида, қатысушы қыздарымыздың  арасынан суырылып шығып, алғырлығымен, әдемілігімен таң қалдырған серпіндік аруымыз.

«Ділмар» дебат клубының жыл қорытындысы ауыз толтырып айтарлықтай болды.  Атап айтар болсақ, «Жас буын - 2016»  қалалық пікірсайыс ойындарында,  «Бастау - 2016», «Нұр Отан ауыспалы кубогы» облыстық пікірсайыс турниріне белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Және республикалық «Сириус Кап», «ҚызПуКап3», «Алтын сапа»(Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), «Конгресс Кап4» пікірсайыс турнилерінде  алғыс хаттармен марапатталды.

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің Нұр Отан партиясы жанындағы Жас Отан ЖҚ-ның төрағасы  Қ.С.Басбақбаевтың  қорытынды есеп беру барысында «Ардагерлерді ардақтаймыз» , « Бейбітшілік пен келісімге 25жыл» атты іс-шараларды ұйымдастырып, университетіміздің Жас Отан мүшелері белсенділік танытты.

Сондай-ақ,  Жас Отан ЖҚ-ның белсенді жастары университет студенттерінің қолдауымен «Үміт»балалар үйіне барып қайтты. Сонымен қатар, Елбасымыздың 2017 жылғы «ІІІ жаңғырту» жолдауын қала тұрғындарына насихаттау мақсатында,  «Император» сауда үйінде жолдау қағаздары тарату арқылы жүргізілді. Нұр Отан партиясының облыстық филиалында студенттерімізге  Елбасымызды  «Болашаққа бағдар – рухани  жаңғыру» атты мақаласының мазмұнымен таныстырды.

«Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар» факультетінің  Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымының орынбасары Қалиасқар Еңілік  есеп берді. Факультет студенттері университетіміздегі іс-шараларға белсене қатысып, ғылыми және спорт саласындағы  жетістіктерімен бөлісті. Атап айтар болсақ, «1-курс таланттары», «Студенттік көктем-2017» байқауларында жүлделі орындармен ерекшеленді. Қыздар арасында ұйымдастырылған футбол, волейбол ойындарында, ұлдар арасында өткен баскетбол ойындарында да жүлделі болды.

«Тарих, филология және халықаралық қатынастар» факультетінің  Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Азаматова Мафтуна факультет жетістіктерін айтты.  Және де Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен  ҚХР-ның,  Құлжа қаласының, Іле педагогикалық университетінен «филология» кафедрасының «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына 44 студент келіп, білім алып кеткендігін айтып өтті. Университетімізден барған студенттерімізде үздік нәтиже көрсетіп, белсенділік танытқандығын сөз етті.

Жиналыс соңында, 2017-2018 оқу жылына деген  жүйелі жоспарлар қарастырылып, белсенді жастарымыз ой-пікірлер алмасып, алға  биік мақсаттар қойылды.

Жастар ісі жөніндегі комитет

 

Қазақ
× You found a Typo