Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жастар Ольга Рыпаковамен кездесті

5 қазанда А.С. Пушкин атындағы кітапхананың мәжіліс залында жастар олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковамен кездесті.
Кездесуді ұйымдастырушылар – Өскемен қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, жастар орталығы және кітапхананың жастар-интеллект-орталығы. Жастар кітапхананың кіреберісінен чемпионды құттықтауларымен қарсы алды.
Кітапхана директорының орынбасары Абенова Бахтина қонақты кітапханамен таныстырып өтті. Әр бөлімде Ольганы жастар мен балалар қарсы алды. Барлығы оны асыға күтіп, ерекше бір нәрсені күткендей. Ал, ол барлығын жылы шырайымен мейірімімен қайран қалдырды.
Мәжіліс залында спортшыны жастар: «Алақай! Ольга! Біз сізбен біргеміз !!! деген сөздермен қуанышты қарсы алды. Ольга Сергеевна жастардың сұрақтарына жауап берді. Бір сұрақ назардан тыс қалған жоқ.
Ол, барлық тілек білдіргендерге өз қолтаңбасын қойып, суретке түсті.
Ольга кітапхана сайты үшін де сұрақтарға жауап берді. Сіз үшін кітапхана нені білдіреді деген сауалымызға ол күлімсіреп былай деді:
Кітапхана - жеке әлем. Бұл шексіз білім, кітапханада әрбір адам үшін қызықты және пайдалы ақпарат көп. Бұл сиқырлы әлем, егер оған сүңгіп кетсеңіз, әркім өзі үшін бір нәрсе таба алады.
- Сіз үшін ең бастысы не - спорттық карьера, жұмыс, отбасы?
- Мен үшін отбасым, балаларым әрқашан бірінші орында. Маған сіз осындай жақсы нәтижелерге ие болған кезде екінші балалы болуды кейінге қалдырсаңыз қалай болады? деген сауалдар да қойылған кездер де болған.
Бірақ мен, жоқ, бірінші кезекте мен әйелмін, ана болғым келеді дедім.
- Адамдарда қандай қасиеттерді бағалайсыз?
- Адалдық, махаббат, мейірімділік. Ең негізгісі осылар деп ойлаймын. Бір-бірімізді жақсы көрсек, өмірде айналысатын ісімізді жақсы көрсек. Махаббат ,менің ойымша, кез келген жетістігіміздің негізі болып табылады.
Директордың орынбасары Бахтина Абенова Ольгаға кездесу үшін алғысын білдірді:
Кітапхана атынан, оқырмандар атынан біздің сұлу, ақылды, спортшы қызымызға осындай керемет кездесу үшін алғысымызды білдіреміз. Сізге денсаулық, отбасыңызызға бақыт тілейміз! Бізбен бірге болыңыз! Сіз біздің мақтанышымызсыз!

А.С. Пушкин атындағы кітапхана

Қазақ
× You found a Typo