Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жастар ресурстық орталығы «Волонтер болу – жүрек қалауы» атты кездесу өткізді

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттеріне облыстық ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы «Волонтер болу – жүрек қалауы» атты кездесу өткізді.

Карантин талаптары сақталған кездесу барысында Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Керімбекқызы Шығыс жастарын белсенді болуға шақырып, әрдайым қолдайтынын айтып, дәстүрлі, жыл сайынғы «Студенттік көктем» байқауының қалай өтетіні туралы түсіндірді.

Жастар ресурстық орталығы әдістемелік жұмыс секторының басшысы Еркежан Досмұхамбетова жалпы волонтерлық туралы түсіндіріп, елімізде жоспарланған түрлі гранттық жобалар туралы айтты. Данияр Жүнісов қазіргі кезде өтіп жатқан жалпыұлттық «Қайырымды істер марафонына» белсенді қатысуға шақырды.

                                                                           Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo