- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚУ Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жастар және қарым-қатынас мәдениеті (әлеуметтік желі мысалында)» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында бүгінгі таңда қоғамда өзіндік орны бар әлеуметтік желіні тиімді қолдану жолдары және әлеуметтік желідегі қарым-қатынас мәдениеті сөз етілді.
«6В02203 – Дінтану-философия» білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушысы Айтолқын Күнтуған «Жастар мәдениетіне әлеуметтік желінің әсері» тақырыбында баяндама жасап, жастардың қоғамдағы негізгі әлеуметтік топ ретіндегі орны мен рөлін, мәдени-рухани құндылықтарын, жастардың әлеуметтік желідегі белсенді топ ретіндегі маңызын ерекше атап көрсетті.
Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы