Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жастар жылына орай ШҚМУ-да Алексей Трунов атындағы фитнес орталық ашылды

Алексей Николаевич Трунов – ШҚМУ дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының бұрынғы доценті, дене шынықтыру және спорт факультетін 25 жыл басқарған адам, шаңғы спорты бойынша бүкілодақтық дәрежедегі төреші, ағарту ісінің үздігі.

– А. Трунов атындағы студенттер фитнес орталығының Жастар жылында ашылуы тектен-тек емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында да бұқаралық спортты дамыту туралы айтты. Алексай Николевич сынды аңыз-адамның қызы Ирина Корнилович бүгінгі шараға қатысып отыр. Университетіміз спорттық дәстүрлерімен және жетістіктерімен әйгілі. Солардың басында Алексей Трунов болып, көптеген спорт шеберлерін дайындады. Бүгінде ШҚМУ-да 20 спорт шебері, 100-ден астам спорт шеберлігіне кандидат бар, – деді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген.  

Университетте 1976 жылғы олимпиаданың чемпионы, хоккейші Борис Александров, кикбоксингтен әлемнің 5 дүркін чемпионы Асқар Можанов, гір спортынан әлем чемпионы Ерзат Сақабанов, дзюдодан әлем чемпионы Тоқтар Зәрубеков және басқа да саңлақтар білім алды.

Биыл жазғы универсиадада ШҚМУ студенттері ең көп жүлдеге ие болды.

Салтанатта «NUR OTAN» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә. Мұхтарханов, спорт ардагері, самбо мен дзюдодан еңбек сіңірген бапкер Ж. Атаев құттықтау сөз сөйледі.

Символдық лентаны қию құрметі ШҚМУ профессоры, педагогика ғылымының докторы Василий Русановқа, Труновтың қызы И. Корниловичке және Ә. Мұхтархановқа берілді.

Ең үздік деген бес студентке ректор орталықта жаттығуға мүмкіндік беретін абонементтер тапсырды.

 Фото https://cloud.mail.ru/public/2Uzx/5zCqeNH1V

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo