Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жазғы мектеп «Еуразиядағы трансшекаралық ынтымақтастық және мәдени алмасу моделі»

«Алтайтану» ҒЗО және Орталық Азия антропологиялық зерттеулер орталығының (Галле - Цюрих) негізінде - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында 4-6 шілделерінде «Еуразиядағы трансшекаралық ынтымақтастық және мәдени алмасу моделі» атты Халықаралық жазғы мектептің жұмысы басталады.
Жазғы мектеп өткізу идеясы 2015 жылы көктемде Цюрих университетінің әлеуметтік антропология және мәдениеттану профессоры, Орталық Азия антропологиялық ғылыми - зерттеу орталығының басшысы Питер Финкенің академиялық ұтқырлық аясында студенттер мен ПОҚ арналған дәріс курсын оқуы кезінде пайда болды. Сол кезде, ғылыми байланыстарды кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді. Осылайша, П. Финке «Алтайтану» ҒЗО базасында жарияланатын «Үлкен Алтай әлемі» ғылыми журналының Халықаралық сарапшылық кеңесіне кірді, сондай – ақ ол «Тарих» мамандығының докторанттарына да кеңестер берді. 2015 жылдың қазан айында «Алтайтану» ҒЗО - ның аға ғылыми қызметкері А.М. Смағұлова Цюрих университетіне антропологиялық ғылыми конференциясына қатысуға және Жазғы мектептің дайындық жұмыстарын үйлестіру мақсатында барып қайтты.
«Еуразиядағы трансшекаралық ынтымақтастық және мәдени алмасу моделі» атты Халықаралық жазғы мектеп жұмысына Макс Планк атындағы Әлеуметтік антропология институты «Ықпалдастық және қақтығысы» Департамент директоры Г. Шлее (Германия), С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Алтайтану» ғылыми - зерттеу орталығының директоры А.С. Жанбосинова (Қазақстан), Томск мемлекеттік университетінің жетекші ғылыми қызметкері т.ғ.д. И.Г. Поправко (Ресей), ҚМЭБИ университеті ассистент - профессоры, т.ғ.к. Д.Б. Касымова (Қазақстан), Шәкәрім атындағы СМУ т.ғ.к. доценті А.М. Мамырбеков (Қазақстан) тартылды. Жазғы мектеп қатысушылары Қазақстан, Ресей және Швейцариядан келген студенттер мен магистранттар болады.
Жазғы мектеп соңында, сарапшылар мен жас ғалымдар бір ай көлемінде (2016 ж. 5 тамызына дейін) Қатон-Қарағай ауданында антропологиялық зерттеу экспедициясы аясында жұмыс істеулерін жалғастырады. Зерттеу нәтижелері мақалалар ретінде «Үлкен Алтай әлемі» халықаралық ғылыми журналының 1 томының 4 нөмірінде шығарылады (басылымның жауапты редакторы профессор П. Финке).
«Еуразиядағы трансшекаралық ынтымақтастық және мәдени алмасу моделі» атты Халықаралық жазғы мектептің ұйымдастыру комитеті: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ - Ә.Ө. Қуандықов, Б.А. Ердембеков, А.С. Жанбосинова, Г.М. Ахметова; CASCA - П. Финке, Г. Шлее, Краулюк Е.; ТМУ - И.Г. Поправко.

«Алтайтану» ҒЗО

Қазақ
× You found a Typo