Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жазушы Әлібек Асқаровтың мерейтойына арналған әдеби конференция өтті

Қазақстан жазушылар одағы ШҚО филиалы, С.Аманжолов атындағы ШҚУ, ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы бірлесе отырып «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, жазушы Әлібек Асқаровтың 70 жас мерейтойына арналған «Жазушы болу да тағдырдан» онлайн әдеби конференциясын өткізді.

Конференцияны Қазақстан Жазушылар одағы ШҚО филиалының төрағасы, ақын Әлібек Қаңтарбаев жүргізді. Конференцияны ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасының бас кітапханашысы, айтыскер ақын Құралай Камалиева жыр шашумен ашты.

Конференцияға елімізге танымал ғалымдар, ақын-жазушылар, журналистер, қоғам қайраткерлері қатысып, өз ойларын ортаға салды. Ұлттық ғылым академиясының академигі, ф.ғ.д. Сейіт Қасқабасов Әлібек Асылбайұлының шығармашылығы туралы салмақты пікір айтып, туған күнімен құттықтап, ақжарма тілегін ақтарды. Келесі сөзді ф.ғ.д. Парламент депутаты Сауытбек Абдрахманов алып, жазушы шығармашылығына жоғары баға берді. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет жазушының мерейлі жасын жыр шашумен құттықтады.

Конференцияның өткізілуіне мұрындық болған С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор Мұхтар Төлеген жазушының қоғамдық істеріне тоқталып, құттықтау лебізін білдірді.  

Конференцияда ф.ғ.д., профессор Айгүл Ісімақова, жазушы ғалым Ақыш Нұрдәулет, ф.ғ.д., профессор Тұрлыбек Мәмесейітов, ақын, ф.ғ.д. Жанат Аймұхамбет, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аяған Бүркітбай, ақын Аманжол Қорғанбек, ф.ғ.к., сыншы, кинодраматург Әсел Омар (Мәскеу), ақын, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы, жазушы Өтепберген Әлімгереев (Атырау), Ұлттық кітапхананың директоры Бақытжамал Оспанова, жазушы Жақау Дәуренбеков, жазушы-аудармашы Ғосман Төлеғұлов (Көкшетау), ф.ғ.к. Балтагүл Оспанова (Түркістан), жазушы Айзат Рақышева, «Берел» қорығының директоры Алмас Сарбасовтар сөз сөйледі.    

Конференция жоғары деңгейде өтті. Әлібек Асқаровтың шығармашылығын терең тани түсуге, бүгінгі ұрпаққа танытуға тағылымы мол іс-шара болды.

А. Картаева,

С. Аманжолов атындағы ШҚУ

«Абайтану»  ғылыми-зерттеу институты

Қазақ
× You found a Typo