- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Нурболат Сағынғанов және Нурасыл Зекенов республикалық робототехника-2016 олимпиадасында құрметті ІІІ орынға ие болды.
- Оныншы сынып оқушылары Нурболат пен Нурасыл Regual Junior High негізгі орта санатқа қатысты. Олардың бірлескен өнімі – аумақты тазалауға және қоқысты жинауға алдын ала бағдарламаландырылған робот. Жарыс кезінде олар роботты жеке бөлшектерден құрастырып, реттеуші іс-әрекетін бағдарламаға қосып, оның қабілетін әділқазылдар алқасына көрсету қажет болды. Роботтарды жасаумен біренше жыл ынталы айланысып жүрген оқушылар бұл тапсырманы ойдағыдай орындап шықты, - деп xабарлайды Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.
Республикалық робототехника-2016 олимпиадасы 8-9 қазанда Астана қаласының Халықаралық мектебі базасында өтті. Олимпиадаға еліміздің жалпы білім беретін және Назарбаев Зияткерлік мектептерінен, осыған дейін аймақтық олимпиадаларда жеңіске жеткен 180-дей оқушы қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша,оқиғалар Әлемдік Робототехника олимпиадасының (Word Robot Olympiad - WRO) ережелері бойынша ұйымдастырылды. Жүлделі орын алған топтар Microsoft, Lego, Dr.WEB серіктес компаниялардан құнды жүлделерге ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де компьютерлік үлгілеу және ақпараттық теxнологиялар кафедрасы негізінде өзінің жеке робототеxника зертxанасы бар.
Баспасөз қызметі