04.10.2018
ЖҒжТ білім бағдарламалары халықаралық аккредиттеуден өтті
АРТА аккредиттеу кеңесі Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің 5 білім бағдарламасын бес жыл мерзімге аккредиттеу туралы шешім қабылдады.
28 қыркүйекте 5В010900 – «Математика», 6М010900 − «Математика», 5В011000 − «Физика», 6М011000 − «Физика», 6М060400 − «Физика» мамандықтары аккредиттеуден өтті.
Бұл – сыртқы тәуелсіз аккредиттеу орталығының ең жоғарғы бағасы, академиялық қызметтің сапасын ол халықаралық стандарттар деңгейінде растайды.
Кафедра ұжымын аккредиттеуден сәтті өткендерімен құттықтап, жоғары білікті мамандар даярлау ісінде жаңа жетістіктерге жете берулерін тілейміз!
Баспасөз қызметі