- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің Жастар ісі жөніндегі комитеті ақиық ақын Мұқағали Мақатаевты еске алу кешін ұйымдастырды.
Кешке біртуар ақынның өміріне шолу жасалып, оның қаламынан туған өлеңдері жүректен жүрекке жеткізілді. М. Мақатаевтың сөзіне жазылған танымал әуезді әндер шырқалды.
Көрерменмен кері байланыс орнату мақсатында ақын жайлы бірнеше сұрақтар қойылды. Олар белсенді жауап беріп, зор ынтамен мұзбалақ ақынның шығармаларын кезектесе оқып берді.
Еліміздің басқа университеттерінен де студенттер көрермен ретінде қатысып, өздерінің жүрекжарды тілектерімен бөлісті.
Кеш нүктесі күмбірлеген күймен қойылды.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті