С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Физика және технологиялар кафедрасының «Ядролық физика» және «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандықтары бойынша оқып жүрген үздік студенттері Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықта болды.
Бұдан соң студенттер «Байкал-1» ғылыми-зерттеу ядролық реакторлар кешенімен танысты. Сонымен қатар, болашақ мамандарға «Токамак» қондырғысы да егжей-тегжейлі көрсетілді.
Жастар Ядролық технологиялар паркіне де барып, оның жұмысымен танысты.
Мұндай экскурсиялар студенттерге болашақ диплом жұмыстарының бағытын анықтауға көмектесіп, өз мамандықтарына деген қызығушылығын арттырады.
Баспасөз қызметі