- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде жалпықалалық сенбілік болып өтті.
17 қыркүйегінен бастап 20 қыркүйекке дейін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жаратылыстану ғылымдары және технология факультетінде жалпықалалық сенбілік өткізілді.
Біздің профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер Өскемен қаласының әкімдігі ұйымдастырған «Үлкен сенбілік» акциясын қолдады. Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің 400-ден астам студенті қаламызды жақсартуға және тазалауға атсалысты.
№4 оқу корпусының аумағында экология және география, биология кафедралары, ал №7 оқу корпусының аумағында физика және технологиялар, математика, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедралары сенбілік өткізді.
Сенбілік жемісті болды – оқу ғимараттарының аумағы тазартылып, көркейтілді.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті