- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
3 қазанда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде «Ұстаздар ұлы тұлғалар» атты мұғалімдер күніне арналған концерт өтті.
Іс-шара мақсаты – мұғалім мамандығына, университет дәстүрлеріне құрметпен қарау, студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу.
Шара басында факультет деканы М. Мадияров барша оқытушыларды мерекелерімен құттықтап, жасампаз жұмыстары үшін алғыс айтты.
Студенттер креативті формадағы құттықтаулар көрсетті, өз өлеңдерін оқып, домбыра мен гитарада ойнады, ән салып, би биледі.
Іс-шара аяқталғаннан кейін студенттер оқытушыларына берген білімдері, еңбектері мен сабырлықтары үшін ризалықтарын білдірді.
Концертті ұйымдастырған – биология мамандығының студенттері, топ жетекшісі Б. Кәрменова. Мерекелік кешке аңшылықтану және аң шаруашылығы мамандығының 1 курс студенттері де белсенді қатысты.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті,
биология кафедрасы