Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ЖҒжТФ оқытушылары қашықтықтан оқыту жағдайында зертханалық сабақтарды өткізу ерекшеліктерін талқылады

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында химия кафедрасы бірқатар жоспарлы іс-шараларды өткізді.

Жас оқытушы Еркежан Баймұратқызы Мүбәрак қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып химиядан зертханалық жұмыстарды жүргізу тәжірибесімен бөлісті. Ол «Химия» мамандығының 2-курс студенттері үшін қашықтықтан оқыту жағдайындағы зертханалық сабақтардың ерекшеліктеріне тоқталды.

Онлайн іс-шараға қатысқан оқытушылар мен кафедра оқытушылары мұндай технологияның қашықтықтан оқыту контекстінде уақтылы қолданылғанын атап өтті.

Осы технология қолданылған зертханалық және практикалық сабақтардың нәтижесінде студенттерде пәнге деген үлкен қызығушылық пайда болып, олардың осы курсты игеруге деген ынталары артты.

Көптеген оқытушылар әріптестері Е.Б. Мүбәракқа оқуға шығармашылықпен қарағаны үшін алғыс білдірді және осы ақпараттық бағдарламаны қолдану бойынша нұсқаулықтарды университет сайтында қалдыруды ұсынды.

Факультет онкүндігі аясында кафедра өткізген екінші іс-шара тәрбиелік мәнде болды.

Химия кафедрасының доценті Гүлжан Екпергенқызы Абылқасова «Академиялық адалдық» тақырыбында онлайн кураторлық сағат өткізді. Бұл іс-шараға «Химиялық сот сараптамасы» мамандығының 1-курс студенттері қатысты.

Студенттер мен топ кураторы осы тақырып бойынша қызықты презентациялар дайындады.

Студенттер академиялық адалдық ұғымымен, студенттер мен оқытушылардың ар-намыс кодексімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдармен, сондай-ақ университетімізде жүргізілетін академиялық адалдық саясатымен танысты. Іс-шарада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Академиялық адалдық лигасына енетіні айтылды.

Студенттер жоғары белсенділік танытты, кураторлық сағат соңында олар қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Факультеттегі және кафедрадағы әріптестер кураторлық сағаттың өте нәтижелі болғанын атады. Химия кафедрасының меңгерушісі Бақыт Қалиасқарқызы Шаихова Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің онкүндігі аясында өткізілген жоспарлы іс-шаралардың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Химия кафедрасының меңгерушісі осы іс-шараларға белсенді қатысқан профессор-оқытушылар құрамына, сонымен қатар ашық конференциялар ұйымдастырған кафедра оқытушыларына алғыс білдірді.

Баспасөз қызметі

                                                    

 

Қазақ
× You found a Typo