С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде еліміздің тәуелсіздігіне орай «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді отаншылдыққа, ұлтжандылыққа баулу, туған жерге, атамекенге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, патриоттық рухта тәрбиелеу.
Мереке кезінде еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы тарихы бейнеленген слайдтар, газеттер, фотосуреттер көрсетілді. Кеш барысында ән мен күй ойналып, би биленді, «Қайратты тергеу сәті» театрландырылған көрінісі қойылды.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті