Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ЖҒжТФ студенттері Өскемендегі №11 мектеп-лицейдің оқушыларына ШҚУ туралы айтып берді

4 қараша күні Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің студенттері №11 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушыларына арнап кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді.

«Химия» мамандығының 3 курс студенттері Арина Бедокурова мен Балнұр Ерқасымова жаратылыстану-ғылыми цикл пәндері бойынша викторина өткізіп, оқушыларды Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетіндегі ғылыми жобаларды бірлесіп орындауға шақырды.

Арина оқушыларды университет сайтымен таныстырды, ал Балнұр Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде оқытылатын білім беру бағдарламаларына қысқаша шолу жасады.

Оқушылар студенттерге викторинаға, химия кафедрасының білім беру бағдарламаларына қатысты сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.

Сонымен қатар, кафедраның зертханалары бойынша виртуалды шағын экскурсия өткізілді.

Іс-шара соңында каникулда логиканы дамытатын қандай фильмдер мен сериалдарды көруге болатыны туралы ұсыныстар берілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo