4 мамыр күні Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің бітіруші курс студенттері жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Б.З. Медеубаевамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Б.З. Медеубаева және Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары С.К. Айтқожина бітіруші курс студенттеріне магистратураға тапсырудың негізгі ережелері мен талаптарын таныстырып өтті.
Магистратураға түсуге ниеттенген студенттер магистратураға тапсыру бойынша туындаған сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауап алды.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті