- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
10-шы қараша мен 10-шы желтоқсан аралығы Бүкіләлемдік ЖИТС-пен Күрес Күніне арналып, республикалық ЖИТС-тің алдын алу айлығы болып жарияланды.
Қазақстанда 2016 жылдың 1 қарашасына 28826 ЖИТС жұқпасы тіркелген.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, дүние жүзінде ЖИТС жұқпасымен өмір сүріп жатқан жандардың саны 35 миллионнан асып жығылады.
Бүкіләлемдік ЖИТСпен Күрес Күні алғаш рет 1988 жылдың 1 желтоқсанында өтті.
Осынау күн қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ денсаулық сақтау бөлімшесінде студенттер арасында ЖИТС жұқпасын анықтау бойынша ерікті тестілеу жүргізу акциясы өтеді.
Баспасөз қызметі