15 желтоқсанда жұмыс берушілердің қатысуымен «6В03104 -Саясаттану», «7М03102 - Мәдениеттану», «7М02201 - Философия», «8D02201 - Философия». «6В02203 Дінтану-Философия» білім беру бағдарламалары бойынша жобалық комитеттің онлайн отырысы өтті.
Отырыс жұмысына Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ернат Қыдырмоллаұлы Қыдырмоллаев, орталық қызметкері Мәнсия Сқаққызы Әмринова, сондай-ақ Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы қатысты.
Жұмыс берушілер аталған білім беру бағдарламаларының Шығыс Қазақстан өңірі үшін жоғары өзектілігін атап өтті. Талқылау барысында практиканың сұраныстарын ескере отырып, «6В02203 Дінтану-Философия» білім беру бағдарламасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтылды.
Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы