- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жоғарғы колледжінде «Студенттердің ант қабылдауы» шарасы өтті.
Түлектерге биылғы жылы есігін айқара ашқан С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Жоғарғы колледжінде «Студенттердің ант қабылдауы» рәсімі өтті. Студенттердің барлығы 1 курс болғандықтан, кураторлардың көмегімен, бұл шараны өздері ұйымдастырды.
Аталған шара барысында студенттер тәртіпті, адал болуға ант берді. Әрбір топ өздерінің өнерлерін көрсетіп, дайындықтың жоғары деңгейде жасалғанын көрсетті.
А. Сағымова, ОП «А» группасының кураторы, ағылшын тілінің мұғалімі