Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледж еріктілері «Волонтер жолы» мотивациялық онлайн-кездесуіне қатысты

«Шығыс Қазақстан облыстық Жастар және балалар ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Семей қалалық филиалы ұйымдастырған онлайн-форматтағы «Волонтер жолы» кездесуі Жоғары колледжде өтті.

Кездесудің мақсаты волонтерлік және еріктілік мәселелеріне назар аудару, олардың оң имиджін қалыптастыру және волонтерлік қызметке қатысуға уәждемені арттыру болып табылады.

Іс-шараға Жоғары колледж студенттерінен басқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С. Таранова және колледждің еріктілер қозғалысының жетекшісі, «Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс оқушысы А. Бердюгина қатысты. Ұйымдастырушылар волонтерлік қызметтің бағыттары мен оны жоспарлау ерекшеліктерін айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Жоғары колледж студенттері волонтерлік қызметпен айналысуды ұнататындарын атап өтті, өйткені басқаларға жақсылық жасай отырып, өздері де бақытты бола бастайды.

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo