Жоғары колледж басшылығының 1 курс білім алушыларымен кездесулерінде 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінен бастап біртіндеп оқытудың аралас форматына көшу барысы түсіндірілді.
Студенттер мен олардың ата-аналарына коронавирустық инфекцияның тұрақты төмендеуіне орай 1 курс студенттері 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінен бастап біріктірілген форматқа көшіріліп жатқаны туралы ақпарат берілді.
Шттатық режимде сыныптардағы сабақтар маска режимін ескере отырып, кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып өткізіледі, аудиторияның сыйымдылығы 15 адамнан аспайды. Колледж оқу жоспарларына сәйкес күндізгі және қашықтық режимдерде оқытуға арналған пәндерді дербес анықтайды. Аудитория сабақтарының ұзақтығы әдеттегі режимде 45 минуттан аспауы керек. Санитарлық тазалау үшін сабақ арасындағы үзіліс кем дегенде 10 минут болуы тиіс.
Сондай-ақ, температурасы бар студенттер үйге қайтарылатыны жайлы айтылды. Сонымен бірге, колледж өз жұмысын жалғастыруда.
Онлайн кездесудің соңында студенттер мен олардың ата-аналары Жоғары колледж әкімшілігінің байланыс телефондарымен тағы бір рет танысты.
Жоғары колледж