ШҚО футбол федерациясының ұйымдастыруымен облыс чемпионатының бірінші лигасында шағын футболдан жарыс өтті.
Жоғары колледж командасының атынан «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері қатысты.
Команданың жаттықтырушысы Жоғары колледждің оқытушысы Шаттық Дәулетхан болды.
Осындай деңгейдегі жарыстарға Жоғары колледж тұңғыш рет қатысып отыр.
8 жеңіске жетіп, Жоғары колледж командасы құрметті 3 орынға ие болды. Жаттықтырушының айтуынша, ол ойыншыларды матчтарға дайындау кезінде тәртіпке сүйенген және соның арқасында жүлделі орынға иеленіп отыр.
Ш. Дәулетхан өзінің бапкерлік қызметінде атақты итальяндық футбол жаттықтырушысы Карло Анчелоттиді үлгі тұтады.
Жарыс қорытындысы бойынша Жоғары колледж командасы кубокпен және грамоталармен марапатталды. Ал Колледж студенті Ержан Әмірханов «Үздік қақпашы» номинациясында марапатқа ие болды. Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Ойыншылар мен жаттықтырушыға кәсіби табыс тілейміз!
Жоғары колледж