Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледж оқытушылары мен студенттері көпбалалы отбасыға көмек көрсетті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінің оқытушылары мен студенттері төрт баланы өсіріп отырған жалғызбасты әкеге азық-түлік, кеңсе тауарларын, киім-кешек жинап берді.

Өскемендегі №8 орта мектептің 5 сыныбында Евгений Цыбин оқиды. Оның әкесі төрт баланы жалғыз асырап отыр. Екеуі – егіздер, олар 4 сыныпта, сондай-ақ колледжде оқитын апайы бар.

Юрий Викторович Цыбиннің жұбайы 2012 жылы өмірден озыпты.

Колледж оқытушылары бұл отбасы туралы Евгений оқитын мектептің әлеуметтік педагогы арқылы біліп, көмектесуді ұйғарған, игі істен студенттер де қалыс қалмады.

Олар азық-түлік, кеңсе тауарларын, киім-кешек жинап, балаларға үйлеріне барып тарту етті. Тосын сыйға балақайлар мәз болып, қуанып қалды!

Осындай игі істерді әрмен қарай да жалғастыра берейік!

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі

Қазақ
× You found a Typo