Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледж оқытушылары Өскемен және ШҚО мектептерінде онлайн кездесулер өткізді

Жоғары колледж оқытушылары С.А. Мужчиль, Ж.К. Қажыбаева, Ш.К. Нәбиева, А.Е. Белгібаева Өскемен қаласының үш мектебінде ата-аналар жиналыстарында болашақ талапкерлердің ата-аналарымен кәсіби бағдар беру онлайн кездесулерін өткізді.

Кездесулер Өскемен қаласының келесі мектептерінде өткізілді: "№16 Заки Ахметов атындағы орта мектеп" КММ, "М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектеп" КММ, "№49 жалпы білім беретін мектеп".

Сонымен қатар, "Педагогика және психология" ПЦК төрағасы М. Манкей және Жоғары колледж оқытушысы Ш. Дәулетхан Өскемен қаласының "№2 жалпы білім беретін мектеп" КММ, "Абай атындағы №33 орта мектеп" КММ 9 және 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.

Сонымен қатар Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының жетекшісі Ж.Б. Болатова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С. Таранова, оқытушы А.Қ. Қабдолла Тарбағатай ауданы мектептерінің оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді, ал оқытушы С.А. Мужчиль Шемонаиха ауданы мектептерінің оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді.

Айта кетейік, барлық кездесулер онлайн режимде өтті.

Кездесу барысында оқушылар мен олардың ата-аналары өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, университет мамандықтары және жалпы Жоғары колледж, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, оқу ақысы туралы көптеген ақпарат алды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo