Жоғары колледждің оқытушылары мен кәсіптік бағдар берушілері ZOOM платформасында Өскемен қаласының №5 орта мектебінің 9 және 11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдарлау жұмысын онлайн-режимде өткізді.
Іс-шара «Мамандықтар фестивалі» аясында өткізілді.
Мектеп директоры Наталья Михайловна Карповаға және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әсем Сайранханқызы Симбиноваға кәсіптік бағдар беру жұмысындағы ынтымақтастығы үшін ерекше алғыс білдіргіміз келеді, өйткені дәл осындай қызмет түлектердің тиімді кәсіп таңдауына ықпал етеді.
Жоғары колледж