Жоғары колледж оқытушылары А.Д. Қылиманова, Ж.К. Қажыбаева, А.Е. Белгібаева №6 орта мектепті, Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейде, Ахмер орта мектебінде онлайн кездесулер өткізді.
Кездесулер кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында өткізілді.
Колледж оқытушылары 9-11 сынып оқушыларына колледжге түсу, оқуға түсу және оқуды жалғастыру ережелері мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, жоғары колледж оқытушысы, ШҚМУ түлегі А.Е. Белгібаева мектеп оқушыларымен кездесу барысында бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша ЖОО-да білім алу тәжірибесімен бөлісті, оқу кезіндегі жетістіктері туралы айтып берді.
Жоғары колледж