Жоғары колледж оқытушылары Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлері арасында өткен «Үздік бейнесабақ» облыстық қашықтық конкурсына қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша «Абайды тану – ұлттық құндылықты тану» номинациясында «Педагогика және психология» пәндік-циклдік комиссиясының төрайымы Мөлдір Манкейдің жетекшілігімен оқытушылар М. Манкей, А.Т. Талғатов, Г.В. Мұсабаева, Ж.Ә. Әділбек, А.Е. Белгібаевалардың жұмыстар жеңіске жетіп, грамотамен марапатталды.
Сонымен қатар, әлеуметтік-гуманитарлық пәндік-циклдік комиссиясының оқытушысы А.К. Қабдолла мен педагогика және психология пәндік-циклдік комиссиясының оқытушысы А.Е. Белгібаеваның жұмыстары байқауға қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.
Жоғары колледж