С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінің оқытушылары Өскемендегі №7, №17, №22, №46 орта мектептердің 9-11 сынып оқушыларымен ZOOM платформасында онлайн режимде кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.
Жоғары колледж оқытушылары Людмила Евгениевна Ледовских және Айдана Қанатқызы Қабдолла, сондай-ақ колледждің кәсіби бағдар берушісі Алтынай Елемесқызы Белгібаева 9-11 сынып оқушыларымен онлайн кездесу өткізді.
Интерактивті онлайн презентация барысында мектеп түлектері үшін жоғары оқу орны мен колледж бойынша, ғылым, оқу және студенттік өмір туралы, біздің студенттерге қолжетімді қосымша мүмкіндіктер туралы шолу жасалды.
Онлайн кездесу барысында оқуға түсушілер үшін жеңілдіктер, колледжге түсу мерзімі мен шарттары, оқыту формалары мен оқу-өндірістік үдерістерге қатысты сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Сонымен қатар, Өскемен қаласының №13 және №3 орта мектептері білім алушыларына кеңес берілді.
Жоғары колледж