- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ Жоғары колледжінің 1 курс студенті Айбол Сләмбеков гір спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы ШҚО чемпионатында 2 орын алды.
Зайсан қаласында гір спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты болып өтті. Сайыстарға мына қалалар мен аудандардан спортшылар қатысты: Өскемен, Семей, Курчатов, Тарбағатай, Аягөз, Зайсан.
Өскеменнің құрама командасы үшін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінің 1 курс студенті Айбол Сләмбеков өнер көрсетіп, екінші орынды иеленді.
Айбол 14 ақпанда Павлодарда өтетін Қазақстан чемпионатына іріктеуден өтті.