С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінің оқушысы Айбол Сләмбеков Қызылордада өткен гір спортынан ел чемпионатында 2 орын алды.
Сайыстар 5-8 желтоқсанда өтті, оған 12 команда қатысты. Шығыс Қазақстан командасы 4 орын иеленді.
Облысымыздың спортшылары 4 күміс медаль алды, оның бірі – 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Айбол Сләмбеков. Ол 15 қарсыласпен сайысып, спорт шебері атанды.
Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша оқып жүрген Айбол Азия және әлем чемпионы болуды армандайды.
Жеңімпаз студентімізді құттықтаймыз!
Баспасөз қызметі