Ел құрамасына шақырту С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті Павел Фирсовқа бұйырды.
Ұлттық құраманың жаттығулары Алматы қаласының маңында, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 2300 метр биіктіктегі «Тұйықсу» альпинистік лагерінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өтуде.
Павел таулы жерлерде жаттығуды ұнататынын атап өтті, өйткені бұл жарыстарға жақсы дайындалуға мүмкіндік береді.
Спортшының айтуынша, еліміздің үздік альпинистерімен жаттыға отырып, ол өзі де барынша тәжірибе жинақтай түседі.
Студенттеріміздің әрбір жаңа жетістігін мақтан тұтамыз және одан әрі кәсіби жетістіктер тілейміз!
Жоғары колледж