Жоғары колледж студенті Нұржан Болатов «Смарт Сарбаз – 2020» компьютерлік таланттардың облыстық қашықтық чемпионатында 2 орын алды.
Аталған чемпионаттың негізгі мақсаты – ақпараттық технологиялар саласындағы «Жас Сарбаз» сыныптар оқушылары мен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубтары курсанттарының шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-техникалық әлеуетін анықтау және дамыту.
Іс-шараға 3 мыңға жуық «Жас Сарбаз» сыныптарының оқушылары мен колледждердегі «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубтарының курсанттары қатысты.
Жоғары колледждің «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенті Нұржан Болатов жүлделі 2 орынды иеленді.
Чемпионат жаратылыстану ғылымдары, математика, информатика және робототехника бағдарламаларының мазмұнын қамтыды. Біздің студент өзінің барлық үздік зияткерлік қасиеттерін көрсетті.
Нұржанды жеңісімен құттықтаймыз!
Жоғары колледж