- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
C. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау жиыны өткізілді. Шараға колледж студенттері қатысты.
– Биылдан бастап Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің үшінші жаңғыруын іске асыруға кірісті. Оның басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру. Сондықтан, бүгінгі таңда рухани жаңғыру ең өзекті міндеттердің алдыңғы қатарына шығып отыр, – деді мақаланың мән-мазмұнын, жиынның мақсат-міндетін таныстырған колледж оқытушысы Қ. Бағдатов.
Ұлт Көшбасшысы «Ел ертеңі – жастар» деп үнемі айтып қана қоймай, үкілі үміт пен мол сенім артып келеді. Сол себепті мақала студент жастар тарапынан қызу талқыланды.
Баспасөз қызметі