Жоғары колледж студенттері облыстың ТжКБ жүйесі оқу орындарының білім алушылары арасындағы "Білікті заңгер" облыстық онлайн конкурсына қатысты.
С. Аманжолов атындағы Жоғары колледжінің «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттері Влад Скоснягин (жетекшісі – Килиманова А.Д.), Аяужан Әділбек (жетекшісі – Адайханова А.Т.), Жұлдыз Қуанышқалиева (жетекшісі – Жасұзақова Ш.Ж.) «Рухани жағыру» бағдарламасы аясында «Білікті маман» жобасы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының ТжКБ жүйесінің білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Білікті заңгер» облыстық онлайн байқауына қатысты.
Конкурстың ұйымдастырушылары – Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы, ҚАЕУ Жоғары колледжі, Қоғамдық ғылымдар негіздері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі.
Байқау қорытындысы бойынша Влада Скоснягин «Менің мамандығым – менің мақтанышым» тақырыбындағы «Үздік видео», Аяужан Әділбек «Үздік теориялық білім» номинациясымен марапатталды.
Жоғары колледж